ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны колония аумағына телефон лақтырмақ болған

Шығыс Қазақстанда колония аумағына тыйым салынған затты лақтырудың тағы бір фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы жас жігіт мекеме аумағына екі смартфонды лақтырмақ болған.

  • Ер адамды колония аумағын патрульдеп жүрген қызметкерлер байқап қойды. Ер адам қоршауға жақын келіп, скотчқа оралған ораманы алып, оны негізгі қоршаудан лақтырмақ болды. Алайда мекеме қызметкерлері оған өз жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді, – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚК 481-бабы бойынша материал толтырылды және сотқа жолданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button