
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, апат Сейфуллин мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында болған.
«Бүгін түскі сағат 12:50 шамасында, есірткіге масайған «Субару» көлігінің жүргізушісі Сейфуллин мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1991 жылы туған Т. есімді азаматша № 4 ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеуді Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізеді»,-деп хабарлады полициядан.
Semeynews.kz