
Осы төрт учаскеде жағалауды тазарту бойынша қазба жұмыстары басталды. Кемежай ауданында және Шығыс кентінде жекелеген бетон құю жұмыстары жүргізілді.
Жоба Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Мердігер мекеме – «QazContructions» ЖШС (Өскемен қаласы). Сомасы 1 444,08 миллион теңгеге келісім жасалған. Мердігер мекемеге темірбетон плиталарын сатып алу үшін 405,07 миллион теңге төленді. Бірақта, күні бұрын жүргізілген аудиторлық есепке сәйкес, жауапты сақтауға «келісім жасалған күні қолда жоқ құрылыс материалдары берілген».
Жұмыс барысымен Семей әкімі Бақытжан Байахметов танысты. Бүгінгі таңда бұл жерде жоспарлы қазба жұмыстары, сондай-ақ жағаға жақын орналасқан ағаштарды қию және тазалау, іргетастарды орнату үшін шұңқырларды қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте жоғарыда аталған темірбетон плиталары көрсетілген учаскелерде жоқ. Қала басшысының атап өтуінше, мердігер белгіленген мерзімде үлгермеуде. Осыған байланысты қалалық ТКШ бөліміне тиісті шара қабылдауға тапсырма берді.
- Бюджет бөлінді, қажеттінің бәрі бар, ал жұмыс болса бір апта болды тоқтап тұр. Бұл жұмыстар осы учаскелерде орналасқан тұрғын үйлерді қорғау мақсатында жүргізілуде. Сіздерде әлі үш учаске бар. Олардың бірде-біреуінде жұмыс жартысына дейін орындалмаған. Сіздерде екі ай ғана уақыт қалды. Жұмысшыларға жалақы төлеу керек екенінде ойлануыңыз керек. Бар жоғы жеті адам ғана жұмыс істеуде! Өздеріңіз ойланып көріңіздерші: миллиард бөлінген жұмысты жеті адам қалай орындайды? Сіздер белгіленген мерзімге үлгермеудесіздер. Қажет болса айыппұл санкцияларын қаяйық. Бұл келесі көктемде су тасқыны мәселесін тоқтататын ең маңызды нысан, ал мұнда жұмыс тоқтап тұр. Шұғыл шаралар қабылдау керек. Ешқандай нәтиже жоқ. Осындай қозғалыспен жыл соңына дейін аяқтап үлгермейсіздер. Ертең жетекшілеріңізді шақыртамыз, кесте жасап, екі ауысымда жұмыс істесін, – деп Бақытжан Байахметов мердігер-фирманың өкіліне жұмыстың сапасыздығына пікірін білдірді.
Сонымен қатар қала басшысы қалалық ТКШ бөліміне мердігерлерге қатысты әкімшілік шара қолдануға және нысанды күнделікті бақылауға алуға тапсырма берді.
Semeynews.kz