ШҚОҚоғамТОПШҚО

Үржарда 11 ауылға ауызсу тартылады

Биыл Үржар ауданына қарасты 11 елді мекенге ауызсу құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тіпті, бұл мақсатқа 5 221,7 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы аудан әкім Нұржан Тоқсейітов баспасөз конференциясы барысында мәлім етті.

– 2021 жылы ауданға қарасты 11 елді мекенде су құбырларын тартуға 5 221,7 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Олар Мақаншы, Үржар-3 кезегі, Бақты, Қабанбай, Шолпан, Елтай, Ақжар, Жоғарғы Егінсу және Барқытбел ауылдары. Соның ішінде биыл 8 ауылда (Мақаншы, Бақты, Елтай, Жоғарғы Егінсу, Ақжар, Шолпан ауылдарында) су құбырлары құрылыстырын аяқтау жоспарланған, – дейді аудан әкім Нұржан Тоқсейітов.

Оның айтуынша, бұдан бөлек Бұғыбай, Қызылбұлақ, Благодатное, Қарабұйрат, Подгорное және Шағантоғай шекара заставасында блок-модульді станциялар орнатылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button