ОқиғаСемейТОП

Балалардың тентектігінен Семейде үй өртенді

Семейде жер үй өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте Кирпичный тұйық көшесі бойында жер үй өртенгені туралы ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, үйдің ағаш жабындысы, қоршаулары және шаруашылық құрылысы отқа оранған. Жалпы алаңы 101 шаршы метр. Құтқарушылар өртенген үйден 27 литрлік 2 газ баллонды шығарды. Өрттің алдын ала шығу себебі – балалардың отты ұқыпсыз пайдалануы.

Semeynews.kz

Фото: Семей қ. ТЖБ

Осы айдарда

Back to top button