ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция барысында әкімшілік полиция қызметкерлері, прокуратура және жеке сот орындаушыларды тарта отырып облыс аумағында борышкерлер мен жол қозғалысы ережелерін тұрақты бұзушыларды анықтауда. Жедел-прафилактикалық іс-шараның алғашқы екі күні ішінде тәртіп сақшыларымен атқарушы өндіріс қызметкерлерімен бірлесе отырып 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді.
- Өткен күндері айыппұл төлемегендері үшін мамандандырылған тұраққа 15 автокөлік қамалды, сондай-ақ, 44 тәртіпбұзушылығымен сомасы 700 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.
Semeynews.kz



