
Ел құрамасынан Нышан Өмірәлі дүбірлі додада ойын көрсеткен соңғы спортшы болды. Ол 75 келіде сынға түсті. Қола жүлде үшін сайыста қазақстандық спортшы мексикалық Франиско Педросқа 15:18 есебімен есе жіберді. Осылайша ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Нышан алғашқы жекпе-жегінде коста-рикалық Андрес Эстебан Молинадан 6:12 есебімен жеңілді. Одан кейін жұбаныш жекпе-жегінің ширек финалында марокколық Рашид Алауиді 24:8 есебімен жеңіп, қола жүлдеге таласуға қол жеткізген болатын.
Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 51-орында тұр.
Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.
Токио Паралимпиадасы 5 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Semeynews.kz