ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да мектеп оқушысына жасалған шабуылдың мән-жайы ашылды

Өскеменде мектеп оқушысының бетіне химиялық зат шашудың мән-жайы ашылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әлеуметтік желілерде күні бұрын баласына жасөспірімдер шабуыл жасағанын айтып, көмек сұраған мектеп оқушысының анасының жан айқайы туралы бейнематериалы пайда болды. Оқиға кешкілік уақытта Қашаубаев көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласында орын алған. Жәбірленушінің айтуынша, ол үйіне қайтып келе жатқанда, бірнеше таныс емес жасөспірімдер баллоннан оның бетіне белгісіз сұйықтықты шашып жіберген.

Анасы баласын жедел түрде ауруханаға жеткізді, дәрігерлер балаға химиялық күйік диагнозын қойды.

Қалалық полиция басқармасының берген мәліметтері бойынша, олар жарияланған бейнероликті көргеннен кейін дереу баланың анасымен хабарласып, тергеу амалдарын жүргізген. Бірнеше сағаттан кейін күдікті ұсталды. Сұрау барысында жасөспірім оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

  • Балалар бір-бірімен достық қатынаста тұратыны анықталды. Мектептен кейін үйге қайтып келе жатқанда ішінде белгісіз зат құйылған баллонды тауып алған. Содан кейін екеуі бір-біріне шашқан. Абайсызда жәбірленушінің бетіне тиген. Балалар қорқып кетіп, маңайындағылардан көмек сұраған. Ата-аналарынан қорыққан олар шабуыл жасады деп құрастырған, – деді Өскемен қалалық полиция басқармасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button