
Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте сағат 11:38-дер шамасында 51 жастағы семейлік Бозтаев көшесі бойында, жанар-жағар май құю стансасы маңында 17 данадағы терек ағаштарын заңсыз қиып тастаған. Ол, Семей қалалық ТКШ бөлімінен тиісті рұқсат алмай бұл жерде тұрақ алаңын жасамақ болған.
Аталған факті бойынша анықталғандай, жоғарыда аталған азамат 2021 жылғы 18 маусымда қалалық ТКШ бөліміне Бозтаев көшесі, 44/2 мекенжайы бойынша 17 данадағы терек ағаштарын кесуге рұқсат сұрап жүгінген. Бірақта, Семей қалалық ТКШ бөлімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы жауабы бойынша, «E.license» порталында көрсетілген құжаттар тізімін толық ұсынбауына байланысты, теректерді кесуге рұқсат берілмеген. Аталған факті Әуезов полиция бөлімінде тіркелді және ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semeynews.kz