
Қалалық білім бөлімі хабарлағандай, 1 қыркүйектен бастап қаланың келесі аудандарында балаларды мектепке тасымалдау ұйымдастырылды: Водный, Шығыс, Шығыс саяжай, Юность, Комсомол, Бобровка кенттерінде, Энергетик, Қарағайлы ықшам аудандарында, Красный Кордон, Дальняя, Силикатный, Затон аудандарында.
- Балаларды қаладағы 10 мектепке тасымалдау жүзеге асырылады, олар – 4, 8, 9, 11, 12, 15, 16, 28, 31 және 49 мектеп. 18 маршрут бойынша 24 автобус шығарылды, олардың 19-ы орта сыныптағы, 5-і кіші сыныптағы, 1 автобус – резервте, – деп түсіндірді білім бөлімінде.
Semeynews.kz