
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Шемонаиха ауданында құтқарушылармен 6 га алаңды қамтыған дала өрті ауыздықталды. Өрт сөндіруге облыстық жеке құрамнан 4 адам және 1 бірліктегі техника, сонымен қатар жергілікті органнан 3 адам және 1 бірліктегі техника жұмылдырылды.
- Өрт қауіпті кезеңі басынан бастап облыста 243 дала өрті орын алды, жалпы алаңы 6242 га. ҚР ӘҚК 336 және 410 баптарын бұзғандары үшін 261 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz