
Қазақстан құрамасының құрамында семейлік төрт спортшы өнер көрсетті. Құраманың жетістіктері туралы онлайн-брифингте Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Құрмет Кәкімов айтып берді.
– Құрама сапында Семейден төрт спортшы өнер көрсетті. Бұл-панкратионнан 2020-2021 жылғы Қазақстан чемпионы, 2019 жылғы Италия панкратионнан әлем жүлдегері Меруерт Ибраева. Ол бұл бәсекеде алтынға ие болып, Азия чемпионы атанды. Белгіжан Сейтенов ШҚО панкратион бойынша чемпионы 2020-2021ж., Кудо бойынша 2019 жылғы Қазақстан чемпионы. Кәсіби ММА күрескері, бұл чемпионатта ол 3 орын алды. Сайран Сағындықов жастар арасында панкратионнан 2021 жылғы Қазақстан жүлдегері, ММА 2021 бойынша БҚО кубок чемпионы атанған бұл чемпионатта да жақсы көрсеткіш көрсетіп 3 орын иеленді. Біздің төртінші спортшымыз Тимур Серікұлы – панкратионнан және Жекпе-жектен 2021 жылғы Қазақстан чемпионы, Жекпе-жектен Қазақстан Кубогының чемпионы, ММА 2021 бойынша БҚО Кубогының чемпионы, – деді Құрмет Кәкімов.
Енді спортшылар алдағы ауқымды жарыстарға дайындалуда. Қыркүйек айында Оралда панкратионнан ҚР Кубогы өтпек. Оған құрама да қатысады. Қараша айында Харьков қаласында панкратионнан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында чемпион атанған спортшылар қатысады.
Semeynews.kz