
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтай қ. ПБ «102» жедел арнасына ЖШС-нің бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығынан хабарлама келіп түсті, ол байыту фабрикасының бас корпусында ұнтақтау учаскесіндегі өнеркәсіптік алаңнан құрамында алтын бар өнімді ұрлауға тырысқан қызметкер ұсталғанын хабарлады.
- Жауап алу барысында 28 жастағы жөндеуші-слесарь ЖШС ғимаратынан құрамында алтыны бар өнімнен бар брикет дайындап қойып, ол өнімді шығаруды жоспарлаған. Брикеттің жалпы салмағы 42 кг 320 гр. Материалдық шығын 2 631 058 млн.теңгені құрады, – деп көрсетілген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz