Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Утельбаевтың мәлімдеуінше, Бозтаев көшесі бойындағы ағаштар заңсыз кесілген.
- Бұл жерде кәсіпкер нысан құрылысын жүргізуде. Оның тарапынан ағаштарды кесу заңсыз. Оның қолында бірде-бір рұқсат қағазы жоқ. Кәсіпкер осының барлығын қалпына келтіріп, осындай ағаштар отырғызуы керек, – деді ТКШ бөлімінің басшысы.
А.Утельбаев заңсыз ағаштарды кесумен енді құқық қорғау органдары айналысатынын жеткізді.
Барлығы 17 ағаш кесілген.
Semeynews.kz




