
Чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Түркменстан, Монғолия және Қырғыз Республикасынан 600-дан астам спортшы қатысты. Азия біріншілігінде қарапайым спортшылармен қатар, ерекше қажеттіліктері бар спортшылар күш сынасты.
Қазақстанның паралимпиадалық командасы жалпыкомандалық бірінші орын алып, жеңіс шыңынан көрінді. Біздің паралимпиадалықтар 66 алтын, 58 күміс және 58 қола медаль жеңіп алды. Команда құрамында 181 паралимпиадашы кірді, олардың 11-і Шығыс Қазақстаннан және екеуі Семейден. Олар, Семейдегі есту қабілеттері нашар балаларға арналған № 4 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері – Зухра Курбанова және Данияр Тайменов.
- Барлық шығынды Шығыс Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы көтеріп алды. Құрама команда сапында Семей, Курчатов, Өскемен, Риддер, Зырян қалаларының және Глубокое кентінің балалары өнер көрсетті. Осы чемпионатқа балалар екі жыл дайындалды, өздеріңіз білетіндей, былтырғы жылы өтуі тиіс болған чемпионат, басында шегерілді, ал кейіннен мүлде болмайтын болды. Қайткенменде биылғы жылы чемпионат өтті, оған жеті команда қатысты. Біздің ШҚО паралимпиадашылары 15 алтын және 6 күміс медальды жеңіп алды. Чемпионатқа қатысқандардың барлығы үйлеріне медальмен оралды, – деді ҚР армрестлинг Федерациясының атқарушы директоры, жарыстың бас төрешісі Сергей Соколов.
«Semeynews.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясы спортшыларды жеңістерімен құттықтайды және алдағы уақытта спорттың жаңа шыңдарынан көріне берулеріне тілейді.
Semeynews.kz