ҚазақстанҚоғамТОП

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Ақорданың ресми сайтына Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

М.К. Бектановты тағайындау туралы 2021 жылғы 31 тамыз Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан,

Ақорда, 2021 жылғы 31 тамыз

№ 649.

БЕКТАНОВ Мұрат Кәрібайұлы

1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Соколовский ауданы, Сколовка ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Киев әскери училищесін бітірді.

1989-1990 – мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі.

1990-1993 жылдары десанттық-шабуылдау батальонының барлау бастығы болды.

1993-1997 жылдары — взвод командирі, Алматы жоғарғы әскери академиясының курсанттар ротасының командирі.

1997-1998 жылдары – штаб бастығы-РҚҚ командирі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық бөлімінің офицері болды.

1998 жылдан 2000 жылға дейін – академия тыңдаушысы.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясын бітірген

2000-2001 жылдары – топ бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау бөлімінің аға офицері.

2001-2005 жылдары – бөлім бастығы, жедел бөлім бастығы, Республикалық ұлан әскерлерінің жауынгерлік қызмет және дайындық бөлімінің бастығы.

2005-2007 – Бас штаб әскери академиясының тыңдаушысы.

2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.

2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау бөлімінің бастығы.

2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлықтағы күштерінің бас қолбасшысы.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы.

2021 жылғы 31 тамыздан  – Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі.

2013 жылғы 6 мамыр – “генерал-майор”;

2020 жылы 6 мамыр – “генерал-лейтенант”.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button