ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да Конституция күнінде 22 тұрғын қоныс тойын тойлады

Абай ауданында Конституция күнінде 120 орынға арналған ясли-бақша ашылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай ауданының екі ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Конституция күніне орай Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен «Ашық әкімдік» фронт-офистері ашылды. Саржал және Көкбай ауылдық округтерінде ашылған «Open space» форматындағы фронт-офисте «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы қарастырылған.

Бұл күні Саржал округінде «Толғанай» ясли-бақшасы қолданысқа берілді. Ясли-бақша 120 орынға арналып, барлық талаптарға сай салынған.

Сонымен қатар, ауданда облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Бір қабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы аясында бой көтерген үйлердің кілттері табысталды. Екі
пәтерлі 11 тұрғын үй көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 10 көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар баспаналы болмақ.

 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button