“1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды.
Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады”, – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Бұған дейін 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні хабарланған болатын.
Semeynews.kz