ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейдегі аспалы көпірдің жарықтандыруы қирады (ВИДЕО)

Құны 4 млн теңгені құрайтын аспалы көпірдің жарықтандыру жүйесі қирады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әлеуметтік желілерде аспалы көпірдің жарықтандыру жүйесінің тірегі жаяу жүргіншілер жолында жатқаны туралы материалдар пайда болды. Қираған темір бөліктерінде жарықтандыру прожекторлары көрінбейді.

  • Жоспарлы жөндеуге ұқсамайды. Құлағанға ұқсайды, оны тездетіп жол бойынан алып тастап, прожекторларын шешіп алғанға ұқсайды. Бір прожектордың құны бір миллионға жуық, ал бір тіректе оннан астам прожектор бар. Адамдар осы тіректердің арасынан аяқ алып жүру мүмкін емес екеніне шағымдануда, – деп қала белсендісі Илья Бароховский әлеуметтік желіде өз пікірін жазған.

Әлеуметтік желілерде тағы бір бейнематериал пайда болды. Бейнематериалға назар аударсақ, 28 тамызда сағат 14:38 шамасында,  жүк көлігі жол шұңқырларынан айналып өтпек болып аспалы көпірдің жарықтандыру жүйесін қағып кеткенін көруге болады.

Жауапты органдарынан ресми мәліметтер күтеміз.

Еске сала кетейік, өткен жылы аспалы көпірдің “ақылды” жарықтандыру жүесіне бюджеттен 400 млн теңге бөлінген.

Semeynews.kz

бейнематериал go_semey парақшасынан алынды

Осы айдарда

Back to top button