ҚоғамМерекеСемейТОП

Бүгін Қазақстан Конституция күнін атап өтуде

1995 жылдан бері 30 тамыз елімізде Конституция күні ретінде тойланып келеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ата заң Қазақстанның бүкіл халқының дерлік мүдделерін ескере отырып қабылданды.

  • Конституция, еліміздің әр азаматы мемлекеттің қорғауында екенін көрсетеді. Оны қабылдауда Франция Конституциясының моделі алынды. Біздің Ата заңымызға төрт рет өзгерістер енгізілді. Бірінші өзгеріс 1998 жылы енгізілді. Олар сот реформасына қатысты болды. Алқабилер институты енгізілді. Бұл қоғамның сот ісін жүргізуге қатысуы керек болғандықтан болды. Алқабилер – олар сотталушының іс-әрекетіне дұрыс баға беретін тәуелсіз адамдар. Кейіннен, 2007 жылы Конституция сот жүйесіне қатысты өзгеріске ұшырады, бұл жолы қамауда ұстау және үй қамауы тек сот санкциялайды деген бөліктеріне өзгерістер енгізілді. Біздің Конституция қоғамдық референдумда қабылданғандықтан, қоғамның, мемлекеттік аппараттардың, заңды тұлғалар мен ұйымдардың барлық мүдделерін ескерді, – деді Семей қалалық сотының судьясы Сәбит Тұратпаев.

Осы жылдар ішінде Конституция жобасына мыңдаған түзетулер мен ұсыныстар енгізілді және зерттелді. Бүгін Конституция – бұл азамат құқығы мен еркіндігін жоғарғы құндылық деп танитын негізгі заң.

 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button