Кент тұрғындары көтеретін негізгі мәселелер – аула ішіндегі жолдардың жағдайы, жарықтандыру мәселелері және балалардың спорттық және ойын алаңдарының болмауы.
- Өкінішке орай, жолдарды жөндеу бойынша жоспарда бұл аймақта асфальт төсеу әзірге қарастырылмаған, алайда тұрғындарға ыңғайлы болу үшін биыл біз уақытша құм мен қиыршық тас төсеу арқылы грейдерлеу жұмыстарын жүргіземіз. Ал келесі жылы осы жолдарда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастырамыз. Әсіресе, емханаға баратын жол абаттандыруды қажет етеді және біз бұл мәселені шешеміз, – деді қала басшысы.
Сонымен қатар, жарықтандыру мәселелерін шешу үшін биылғы жылы кентішілік көшелерде босап қалған жарықтандыру тіректерін орнатуды басталады.
- Кентті абаттандыру үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және коммуналдық кәсіпорындарға негізгі көшелерді тазалауды, құрғақ ағаштар мен тротуарлардағы шөптерді кесу тапсырылды. Балалар мен спорт алаңдарын орнатуға келетін болсақ, Юность кентінде аталған жұмыстарды жүргізу келесі жылдың жоспарына қосылатын болады, – деп қорытындылады Б.Байахметов.
Шаһар басшысының айтуынша, халықпен кездесулер жалғасып, олардың нәтижелері бойынша жүйелі шешімдер қабылданып, қажетті жұмыстардың кестесі жасалады.
Осылайша, қала тұрғындарымен бірлесе отырып Семейдің жылдар бойы жиналып қалған ескі проблемалары шешілмек.
Semeynews.kz