ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 тамызда сағат 09:10-дар шамасында Семейдегі “ескі көпірде” 57 жастағы «LADA 21144» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып,«LADA Largus» автокөлігімен соқтығысқан.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан «LADA 21144» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. 59 жастағы «LADA Largus» жүргізушісі және 80 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz