
Іс-шараға «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының мүшелері, облыс әкімі Даниал Ахметов, ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары және қала қауымы қатысты.
1991 жылғы 29 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен мәңгілікке Семей ядролық полигонын жапты. Қазақстандық қауымдастықтың және «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының қолдауымен қабылданған Елбасының тағдырлы шешімі, ядросыз әлем үшін жаһандық қозғалыстың басталуына негіз болды.

- Әрине, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор, ол БҰҰ трибунасынан, халықаралық форумдарда, сондай-ақ ядролық держава басшыларымен болған жеке кездесулерде ядролық қарусыздану ұстанымын түбегейлі және дәйекті түрде қорғады. Әлемдік деңгейдегі лидер Нұрсұлтан Әбішұлының ядролық қаруға қарсы жаһандық бастамалары арқасында көптеген елдер ядролық қарудан бас тартып, атомды бейбіт мақсатқа қолдануға бағыттады, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Бүгінгі таңда шығысқазақстандықтар ядролық қарусыздандыру саласындағы бастамалардың ең белсенді жақтаушылары, себебі олар ядролық қарудың жойқын күшін өз бастарынан өткізген. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап ядролық қарусыз әлем қозғалысының авангарды танылды.
- Бүгін біз тағы да, полигонның жабылуы тағдырлы оқиға екенін атап өтудеміз. Полигонды жабу түбегейлі дұрыс шешім болды. Біздің Қазақстан үлгі көрсетіп, ядролық қарулары бар елдерді, одан бейбіт өмірде бас тартуға шақырды. Қанша адам зардап шеккені, әліде зардап шегіп келе жатқандары баршамызға аян. Бізге бұл іс-шара тағыда, полигоннан зардап шеккендерге басты назар аудару керек екенін көрсетеді. Мәжілісте осы сұрақ қарастырылуда және менің ойымша, уақыт өте келе мәжіліс тиісті шешімдер қабылдап, біздің аймаққа қажетті көңіл бөліп, тиісті көмек көрсетеді, – деп атап өтті Семейдегі аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев.
Акция соңында жиналғандар «Өлімнен де күшті» мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қойды және ядролық сынақ құрбандарын және Жамбыл облысы Байзақ ауданында қайтыс болған әскерилер мен құтқарушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Semeynews.kz