ҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде «Ваш весь Фёдор Достоевский» фильмі түсірілуде

Семейде Фёдор Достоевскийге арналған фильм түсірілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ф.Достоевский атындағы мұражайдың экспозициялық-көрме жұмыстары секторының меңгерушісі Владимира Соловьёваның айтуынша, биылғы жылы ұлы орыс жазушысы Фёдор Михайлович Достоевскийдің туғанына 200 жыл толады. Жазушының мерейтойы қарсаңында  Орыс Православие шіркеуінің Митрополит округінің қолдауымен “Мир путешествий” медиа-компаниясы Қазақстан Республикасында бірқатар іс-шаралар дайындауда. Семейде  жоба Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Біраз күн бұрын Семей қаласына Санкт-Петербургтен “Ваш вес Фёдор Достоевский” фильмін түсіру тобы келді. Жоба жетекшісі және қоюшы режиссері Константин Харалампидис, “Ваш вес Фёдор Достоевский” киножобасының продюсері “Мир путешествий” компаниясының директоры Андрей Сакулинский.

“Ұлы ақын Ф.М.Достовескийдің есімімен Ресейдің және Батыс Еуропаның бестен астам қалалары байланысты. Олар – Мәскеу және Петербург, Дрезден және Висбаден, Париж және Флоренция. Достоевскийдің саяхат картасында,  бір жер оның өмірінде ерекше және өте маңызды болды”, – деді В.Соловьёва.

“1854 жылғы наурызда тағдырдың жазуымен Семейге келген жазушы, осы жерде бес жылдан астам уақыт өмір сүрді. Омскідегі каторгыны өтеген жер аударылушы солдат Ф.Достоевский біздің қаламызда 7 Сібірлік желілік батальонының прапорщигі атағына дейін қызмет етті. Ол бұл жерде өзінің жары Мария Дмитриевна Исаеваны кезіктірді және 1857 жылғы ақпанда некелесті. Семейде Достоевскийдің ұзақ жылдар мәжбүрлі үнсіздіктен кейін әдебиетке оралудың нақты мүмкіндігі болды. Бұл жерде ол «Записками из «Мертвого дома» жұмысын бастайды, «Дядюшкин сон» және «Село Степанчиково и его обитатели» повесттерін жазады. Семейде Достоевский Ш.Уәлихановты, П.Семенов-Тяншанскийді, А.Врангелді жолықтырады. Осы маңызды сәттердің барлығы дерлік түсіріп жатқан фильмде көрсетіледі”, – деп қосымшалады В.Соловьёва. 

Айта кетейік, Семей қаласынан кейін түсіріл тобы Омск қаласына барады.

 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button