
Жартылай финалдағы кездесуда 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Теміржан Дәулет грузин Георгий Калданимен кездесті. Ол қарсыласын иппонмен жеңді. Осылайша қазақстандық дзюдошы финалға шықты, онда кемінде күміс медаль алады. Ақтық сын кешкі сессияда елорда уақытымен 13:00-де өтеді.
Semeynews.kz