
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тағы үш адамның денесі табылған.
“Жамбыл облысында болған жарылыстың салдарын жоюмен айналысқан тағы үш адамның денесі өрт аумағынан табылды. Олардың кім екендері анықталуда”, – делінген министрлік хабарламасында.
Бұған қоса, 50-ге жуық ТЖМ құтқарушылары өртпен күрес барысында зардап шеккен.
Айта кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс орын алды. Салдарынан 98 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тағы 12-сі көз жұмған. Жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске салсақ, апаттан кейін ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді.
Semeynews.kz