ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 10 қыркүйекке дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
«28 тамыздан бастап жексенбі және мереке күндерінен басқа күндері қалалар мен елді мекендер ішінде қоғамдық көліктің қатынауына рұқсат берілді. Ал жексенбі және мереке күндері автобустар сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін, ал кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін технологиялық процестің үздіксіз циклы бар кәсіпорындардың жұмыскерлерін жеткізу үшін жұмыс істейді», – делінген құжатта.
Демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне сағат 00.00-ге дейін, жоба көшбасшыларына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Semeynews.kz