Оқу жылының басталуы қарсаңында, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың облыс аумағындағы көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту мақсатында ағымдағы жылғы 23 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында “Назар аударыңыз, балалар!».
Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызметтер өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақта көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізеді.
Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолын кесу мақсатында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілер мен олардың ата-аналарына жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы және балаларды автомобиль салонында тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын құрылғыларды қолдану қажеттілігі туралы ақпараттық сипаттағы буклеттер таратылатын болады.
- “Назар аударыңыз, балалар!”полиция қызметкерлері көше-жол желісіне жақын орналасқан 222 білім беру мекемесінен (мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беру мекемелері) 174 немесе 78% мекемелерді тексерді. Жедел алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша көше-жол желісі иелерінің атына 63 ұйғарым берілді. “Назар аударыңыз, балалар!”мектептерге жақын елді мекендердің көше-жол желісінде 120 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды, 4050 метр тротуар салынды, 10 жасанды кедір-бұдыр орнатылды. ҚР ӘҚБтК – нің 593-бабының 1-бөлігі бойынша балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 43 бұзушылық тіркелді, – деп түсіндірді Шығыс қазақстан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.
ШҚО ПД ЖПҚБ жүргізушілерді ережелерді бұлжытпай сақтауға шақырады.
Semeynews.kz