
Құжатта Ashyq жобасын бизнестің түрлі салаларына енгізу көзделген. Тізіммен толығырақ мына жерден танысуға болады.
Құжат бойынша Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап:
– демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлері мен келушілерде “жасыл мәртебесі” бар Ashyq көшбасшыларының жұмысына –сағат 02.00-ге дейін; – сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілді.
“Алматы қаласын қоспағанда, 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын”, – деп жазылған қаулыда.
Құжатта Алматы қаласында да шектеу шаралары дәл осылай жеңілдеуі үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақтануы керектігі айтылған.
“Қаладағы эпидемиологиялық жағдай трұақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдетуді енгізу тиісінше ағымдағы жылғы 4 және 6 қыркүйектен басталсын”, – деп жазыған қаулыда.
Semeynews.kz