ҚазақстанҚоғамСпортТОП

ШҚО-да жағажай волейболынан Қазақстан Кубогы басталды

Жаңа Бұқтырма кентінде 2003 жылы туғандар және одан кіші командалар арасында жағажай волейболынан Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыс басталды. Жарыс 30 тамызға дейін өтеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еске сала кетейік, жағажай волейболы біріншілігі жыл сайын өткізіліп тұрады.

Жағажай волейболы бүгінгі таңда жастар арасында танымал спорт түрлерінің біріне айналда. Бұған дейін осы санаттағы тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының ІІІ кезеңі аяқталған болатын.

2003 – 2004 жылы туған қыз балалар арасында Ақтау қаласының “Каспий-1” және Алматы облысының “Талғар” командасы жеңімпаз танылды. 2005 – 2006 жылғылар арасында “Каспий” командасы топ жарды. 2007 – 2008 жылғылар арасында алтын медальды осы команданың спортшылары иеленді. “Каспий-7” командасының қыздары 2009-2010 жылғылар арасында бірінші болып танылды.

Ер балалар арасындағы жағажай волейболында 2003-2004 жылғы жастар арасында “Каспий-1” командасы үздік танылды, 2005-2006 жылғылар арасында “Каспий-3” командасының спортшылары топ жарса, 2007-2008 жылғылар арасында “Каспий-5” командасы тізімді бастады. 2009-2010 жылғылар арасында “Түркістан” командасы жеңімпаз танылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button