Естеріңізге сала кетейік, Березовский кентінің (Птичник) тұрғындары бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы кенттің проблемалық мәселелерін көтеріп, назар аударуды сұраған болатын.
Осыған байланысты, кеше қала әкімі салалық құрылымдар мен коммуналдық кәсіпорындар басшыларымен бірге кент тұрғындарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында тұрғындар су және жылумен жабдықтау, жолдың жағдайы, жарықтандыру және қоқыс мәселелерін көтерді.
- Сумен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ: қазір су құбыры желілерін тарту жөніндегі жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, содан кейін келесі жылы жөндеу-монтаждау жұмыстарын бастауға қаржы қарастыру көзделген, – деді қала басшысы.
Б.Байахметов кенттегі жолдың сапасы сын көтермейтінін және бұл мәселені шешу үшін биылғы жылы ұзындығы 4,4 км жолды орташа жөндеуден өткізетінін атап өтті. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр, тамыз айының соңына дейін мердігер ұйым анықталады.
- Жүргізілген зерттеу жумыстары жылу желілерінің тозғанын және күрделі жөндеуді талап ететінін көрсетті. Сондықтан, мен келесі жылға қаржы бөлу мүмкіндігі үшін тиісті есептерді дайындап, Березовский кентіндегі (“Восток Бройлер” ЖШС – нен кентке дейін) иесіз жылу және сумен жабдықтау желілерін қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы тапсырма бердім. Сондай-ақ, Аймауытов атындағы мектепке бардық. Мектеп толық жабдықталған және жаңа оқу жылының басталуына дайын. Қала шетіндегі мәселелерді шешу біздің жұмысымызда негізгі басымдыққа ие және өзімнің жеке бақылауымда. – деп қорытындылады Б.Байахметов.
Semeynews.kz