Куәгерлер қойма өртеніп жатқанын хабарлап жатыр. Олардың айтуынша, Тараз маңында әскери қойма өртенген. “Таразға барар жолда әскери қойма өртеніп жатыр. Көлікте соққы толқыны сезілді”, – деді куәгер.
Кейін Қорғаныс министрлігі өкілдері оқиғаны растап, өрт сөндіріліп жатқанын мәлімдеді.
“Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
“Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді”, – деп толықтырды ведомство.
Еске салайық, 2019 жылдың наурыз айында Арыс қаласындағы қоймада жарылғыш заттар жанып, утилизацияланған оқ-дәрілер жарылған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды. Қоймадағы жарылыстың себебі – дұрыс сақтамау және жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу.
Semeynews.kz