ӘлемҚылмысТОП

Ресей түрмеден қашқан қазақстандық үшін бірнеше миллион сыйақы тағайындады

Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігі Истрадағы түрмеден қашып кеткен Александр Мавриди үшін 1,5 миллион рубль сыйақы тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі МВД Медиа порталына сілтеме жасап.

Бастапқыда бұл сома көлемі 1 миллион рубль болатын.

Александр Мавридиге адам өлтіру, бопсалау, адамды заңсыз түрде бостандығынан айыру және күзеттен қашу  баптары бойынша айып тағылды.

Құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметі бойынша, 2020 жылдың қарашасында ер адам Подмосковьеде “шұжық королі” Владимир Маруговты өлтірген. Ол осы қылмысты орындау үшін арбалет қолданған.

6 тамызда ол басқа күдіктілермен бірге Мәскеу облысының Истра қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.

Екі күдікті 11 тамызда Подольсктегі жалдамалы пәтерден табылды. Олар өз кінәсін мойындады. Тағы бір қашқын келесі күні өзі берілді. Төртінші күдікті 18 тамызда қолға түсті. Мавриди осылардың арасындағы ең қауіпті қылмыскер болып отыр.

Тергеу мәліметі бойынша, мекеменің екі қызметкері қашқындарға көмектескен. Олар бейнебақылау жүйесін өшіріп, камера есігін ашық қалдырған және өздері ұйықтауға кеткен. Изолятор қызметкерлері де қамауға алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button