ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО дәрігерлері «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Шығыс Қазақстан дәрігерлері «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл облыста, әсіресе аудандарда жетіспейтін медициналық кадрларды толықтыру мақсатында жүзеге асырылмақ.

Бүгінгі күні облысқа 323 медицина қызметкері жетіспейді. Олардың 78 ауылдық мекендерде. Облыс басшысы Даниал Ахметовтың аудан әкімдерінің мамандарды тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына көңілі толмады. Сондықтан әкімшілікте өткен отырыста, облыс әкімі көтерме қаражатынан бөлек, жас дәрігерлерге «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Даниал Ахметов профильді басқарманың жұмысын сынға алды, себебі 8 ай ішінде шетелде білім алуға бірде-бір кардиологты жолдамаған. Қан айналымы жүйесіндегі аурулар бүгінгі таңда басқа ауруларға қарағанда жиілеп кеткен. Шығыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков, дәрігерлер үшін билеттер сатып алынғанын және жақында олар тағылымдамадан өту үшін әлемнің үздік клиникаларына жолданатындарын атап өтті. Сонымен қатар, Өскеменде салынып жатқан Гематология Орталығы қан айналымы жүйесінде туындаған мәселелерді шешуге көмегін тигізеді. Онда науқастарды диагностикадан өткізіп қана қоймай, оларды емдеумен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button