
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10-23 тамыз аралығында оқшаулану тәртібін елемеген 10 адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.
«Қазіргі уақытта өңір аумағында «Ashyq» жобасына 7396 нысан қатысуда. Оның ішінде 542-і әзірге сынақ режимінде. Күн сайын мониторингтік топтар карантин режимінің бұзылмауына және бизнес нысандарының шектеу шараларын сақтауына қатысты тексеру жүргізуде. Осыған дейін жобаға қатысып отырған 58 нысанда бұзушылық фактілері анықталған», – делінген ақпаратта.
Осы ретте, департамент мамандары үй карантиніндегі облыс тұрғындарын талапты сақтауға шақырады. Сондай-ақ науқаспен байланыста болған азаматтар басқаларға вирус жұқтырмас үшін оқшаулау режимін қатаң ұстануы тиіс.
Semeynews.kz