ШҚООқиғаТОПШҚО

Балалардың отпен ойнауынан ШҚО-да тұрғын үй өртеніп кетті

Шығыс Қазақстанда балалардың отпен ойнауынан тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 24 тамызда Озерка ауылдық округіне қарасты Балтатарақ ауылында шаруашылық құрылыстары өртеніп, тілсіз жау жақын тұрған тұрғын үйге өршіген.

“Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде шаруашылық құрылыс түгелдей жанып кеткен, үй қабырғасының ағаш құрылымы, төбе жабындысы, терезелері, жеке заттары, құжаттары отқа оранған. Өрттің жалпы алаңы 130 шаршы метр. Өрт сөндірушілермен 27 литрлік бір газ баллон шығарылды. Үй иелері оқиға орнында. Жарақат алғандар жоқ”, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД.

Өрт шығуының алдын ала себебі: отты ұқыпсыз пайдалану, балалардың отпен ойнауы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button