
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкпекті ауданында Ключи учаскесінде 45 га алаңдағы, ал Аягөз ауданында Қарабұжыр учаскесінде 25 га және Үмбетай учаскесінде 10 га аумақтағы құрғақ шөп өртенуде. ШҚО ТЖД барлығы 88 өрт сөндіруші және 12 бірліктегі техника, жергілікті атқарушы органнан 13 бірліктегі техника және 92 адам, орманшылардан 10 адам және 2 бірліктегі техника жұмылдырылды.
Жел, жетуі қиын рельеф тілсіз жауды құрықтауды одан ары қиындатуда. Ол жерлерде арнайы техникалар мен өрт сөндіру көліктерінің маневр жасаулары мүмкін емес.
Марқакөл ауданында 1-сыныпты, Өскемен және Риддер қалаларында және Алтай ауданында 2-сыныпты, Семей қаласында, Бесқарағай, Бородулиха, Қатонқарағай, Күршім аудандарында – 3-сыныпты, самар ауылында – 4-сыныпты, Үржар ауданында – 5-сыныпты өрт қауіптігі байқалады.
Semeynews.kz