ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да кішкентай балалары бар әйел адамдар есірткі жасырып отырған

Шығыс Қазақстанда заңсыз есірткі айналымының жолын кесуге бағытталған кезекті арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, құқық қорғау органдарының назарына Петропавлдан келген, жалданбалы пәтерде тұрып есірткі заттарын жасырумен айналысатын 18-25 жас аралығындағы әйел адамдар ілікті. Олар мессенджер арқылы кэш-бетбелгілер арқылы психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Заттарды салушы әйелдердің бірі, құқыққа қайшы әрекеттерін жүзеге асыру үшін осы жылдың маусым айында Өскеменге келген. Ол кәмелетке толмаған, 8 және 6 жастағы балаларды жалғыз тәрбиелеуде. Біраз уақыт өткеннен кейін оған оның сіңлісі келіп, осы іс-әрекетті жүзеге асыруға қосылған.

Тінту барысында салушы әйелдерден шамамен 700 грамм синтетика тәркіленді, яғни 2000-нан астам бір реттік доза. Олардың “қара нарықтағы” бағасы 11 млн. теңгеден асып түседі. Олардың екеуі де қылмыстық жауапқа тартылады, әйелдердің бірі қамауға алынды. Кәмелетке толмаған балалары жақын туыстарына тапсырылды.

“Тәркіленген синтетикалық есірткі затының жалпы салмағы шамамен 700 грамм. Кәдіктілерге қатысты ҚР ҚК 296 және 297 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған бап бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған”, – деді ШҚО ДП бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button