Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қаланың Орталық полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 54 жастағы жеке кәсіпкер хабарласып, бұрын таныс емес жас жігіт өзін сауда агенті ретінде таныстырып 710 мың теңге қаражатын иемденгенін жеткізген.
“Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша полиция есебінде тұрған 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады, алған қаражатты өз мұқтаждықтарына жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу күдіктінің осындай басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде”, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz