ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да білім беру мекемелерінің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталды

ШҚО-да білім беру мекемелерінде 647 мектептің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Тексеріс барысында кейбір мектептерде бейнебақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істемейтіндігі анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.

– Өңіріміздегі білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматқа көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 647 мектептің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Мониторинг жүргізу барысында 10 мектепте бейнебақылау камералары жұмыс істемейтіндігі анықталды. 533 (82,3%) мектепте бейнебақылау жүйесі стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейді. Барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесін қосымша жабдықтауға және жаңартуға өтінім берді, – дейді Зейнеп Махсутова.

Оның айтуынша, осындай кемшіліктерді жою үшін бюджеттен қаражат бөлінген. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталмақ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button