
Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 23 тамызында Бобровка кентінде 10 тонна түктелген шөп тиеген КАМАЗ автокөлігі өртенді. Кабина қаптамасының жанатын бөлшектері, аспаптар панелі, салоны, 8 доңғалағы, жалпы алаңы 33 шаршы метрлік тіркемесі жанған.
Өрттің алдын ала себебі: электр сымдарының шөппен жанасу нәтижесінде фазааралық қысқа тұйықталудың туындауынан пайда болған.
Семей қ. ТЖ басқармасы ескертеді! Бірінші кезекте автомобильдің өрт қауіпсіздігі оның иесінің қырағылығы мен жауапкершілігіне, оның пайдалану ережелері мен нормаларын сақтауына байланысты.
Өрт шыққан жағдайда дереу “101” немесе “112” телефон нөміріне қоңырау шалыңыз!
Semeynews.kz