ҚазақстанОқиғаТОП

Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәлімдеді.

“22 тамыз күні кешкі сағат 21:20 кезінде “101” пультіне Төле би көшесіндегі 15 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер Алмалы ауданының Төле би көшесіндегі 273/6-үйге жіберілді. Келген сәтте 15 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатының балконында өрт шыққанын анықтады. 2 шаршы метр аумақта үй заттары жанған. Өрт сөндіру техникасының өтуіне тұрғындардың жеке көліктерін тығыз қойғаны кедергі келтірді”, – дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Уақытты жоғалтпай жағдайды бағалап, өрт сөндірушілер 5 қабатқа үш иінді, сондай-ақ “шабуыл” өрт сатыларын қолдана отырып, жоғарғы қабаттарға көтеріліп, өрті 3 минут ішінде ауыздықтап үлгерді. Өрт толығымен 21.36 минутта сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді.

ТЖД алматылықтардан көліктерін қойып шұғыл қызметтердің өтер жолын бөгемеуді сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button