ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семей полицейлері көлік тізгіндеген мас әйелді ұстады

Семейлік полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған, масаң күйде көлік тізгіндеген әйелді ұстады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  ағымдағы жылдың 10 тамызында, патрульдік полиция батальонының инспекторларымен түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде 40 жастағы әйел адамның жүргізуіндегі «Кiа» маркалы автокөлік тоқтатылды.

  • Жүргізуші әйел масаң күйде болды, сонымен қатар ол көлік құралдарын 7 жылға жүргізу құқығынан айырылған. Медициналық куәландыру актісі жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдықты көрсетті. ҚР ҚК 346-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді полиция басқармасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button