ОқиғаСемейТОП

Семейде отқа ұқыпсыз пайдалану адам өліміне әкелді

Семейде отты ұқыпсыз пайдалану салдарынан үй өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 22 тамызында 01 сағат 31 минутта Шығыс саяжай массивінде жер үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

  • Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің ағаш қабырғалары, едені және төбе жабындылары, есік және терезе блоктары, жиһаздары мен жеке заттары өртенген. Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метр. Өкінішке орай, адам өлімі орын алды. Барлау барысында зал бөлмеде өртеніп кеткен әйел адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін, 7 адам, соның ішінде 2 бала үйден өздері шығып үлгерген, – деді баспасөз қызметінде.

Бұл жағдайда алкогольді асыра пайдалану осындай қайғылы жағдайға әкелегінін атап өткен жөн.

Өрт шығуының алдын ала себебі: электр қондырғыларын дұрыс орнатылмауы,  темекі шегу кезінде отты ұқыпсыз пайдалану.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button