ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да орман аумағындағы өрт сөндірілді

Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 тамызда 07 сағат 25 минутта Көкпекті ауданы Мариногорск ауылдық округіндегі 40 га дала өрті және шамамен 4,2 га орман алқабындағы өрт сөндірілді.

Еске сала кетейік, өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган және орманшылар тілсіз жаумен 21 тамыздан бастап күрес жүргізген. Тілсіз жауды құрықтауға 8 автоцистерна, 1 вахта, 4 трактор, “УАЗ” маркалы 5 автомобиль және жеке құрамнан 151 адам жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button