Көрнекті қоғам қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының лидері, ғалым және публицист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай Семейде шәкәрім даңғылы бойындағы үйлердің бірінде оның бейнесі бейнеленген мурал пайда болады. Муралды Алматыдан келген суретші Александр Романов салуда. Мурал акрил бояуымен жасалған және жақын арада лакпен қапталады. «Алайш» лидері бейнеленген қабырға көлеңке жақта орналасуына байланысты, картина 10 жылдан астам уақыт тұрады.
- Биылғы жылы, біз ребрендинг бойынша жұмыс жасайтын Семейдегі жоғарғы оқу орындарының біріне көрнекті лидер Әлихан Бөкейхановтың аты беріледі. Осының құрметіне жоғарғы оқу орнының басшылығы қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына Бөкейхановтың муралын салу туралы идеясын ұсынды. Муралды 8 жылдық өтілі бар Алматыдан келген суретші Александр Романов жұмыс жасауда. Ол еліміздің ірі қалаларында, соның ішінде Алматыда, Қостанайда жұмыс істеген. Мурал бір-екі күн ішінде аяқталады. Біз күн түспейтін қабырғаны таңдап алдық, муралдың сырты лакпен қапталады, сондықтан, менің ойымша, сурет 10 жыл тұрады. Сонымен қатар университет басшылығы болашақта, қажет болған жағдайда, муралды жаңарта алады. Муралдың бюджеті 3,5 млн. теңгені құрады. 60 литр бояу жұмсалды. Бізге үйге қызмет көрсетуші компаниямен жұмыс жасадық, тұрғындардың қолын жинадық, барлығы заңды негізде. Жоғарғы оқу орны атынан біз үй кіреберісіне LED-лампалар орнаттық және аумақты аббаттандыру жұмыстарын жүргізудеміз, – деді «Erudit Group» білім беру орталығының атқарушы директоры Мақсат Жәнібек.
Муралдың салтанатты ашылу алдағы аптада жоспарлануда.
Semeynews.kz