ҚазақстанҚылмысТОП

Түркістанда шенеунік кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұндай мәліметтер ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агентттігінің Telegram каналында жарияланды. Ондағы ақпаратқа қарағанда, аталған лауазым иесі Сovid-19 инфекциясының таралуына қарсы мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берген және сол үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алған деген күдікке ілінді.

Күдікті ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қалалық полиция басқармасының изоляторына қамалды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button