
Бүгін қала басшысы Бақытжан Байахметов елімізде ғана емес, Орталық Азияда әскери техникаларды күрделі жқндеумен айналысатын ірі өндіріс орыны – “Семей инжиниринг” акционерлік қоғамының жұмысымен танысты.
Бүгінде 400-ден астам адам жұмыс жасайтын кәсіпорын негізінен қорғаныстық және азаматтық бағыттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру және жөндеу жұмыстарын іске асырады.
- Бәсекеге қабілетті деп танылған “Семей инжиниринг” зауыты Ресей, Беларусь, Украина және Израиль елдеріндегі кәсіпорындармен ынтымақтастық байланыс орнатқан. 45 жылдық тарихы бар өндіріс орнында өндірістік желіні кеңейту мен жаңа технологияларды енгізу қарқынды дамып келеді, – деді Б.Байахметов.
Semeynews.kz