
Шығыс Қазақстан аумағында 16 тамыздан бастап автокөлік ұрлығы мен оны жүргізіп әкету қылмыстарын ашуға бағытталған «Автомобиль» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Шара басталғаннан бері криминалдық полиция қызметкерлері осындай 8 қылмысты ашты.
- Осындай қылмыстар көлік иелері көліктерінің кілттерін бейтаныс адамдарға беру, есіктерді жаппай немесе салонда кілтті ұмытып кетуден орын алуда. Қаскөйлер әдетте адамдар жоқ жерлерде қылмыстық ойларын іске асырады. Мысалы, Алтай қаласының тұрғыны көлігін жөндеуге берген, алайда «шебер» оны жөндеудің орнына теуіп кетіп, соңында жол апатына түскен. Әдетте, мұндай қылмыстар «ізін суытпай» ашылады, алайда көп жағдайда қаскөйлер залалды өтеуден жалтарып жатады, -деді полицияда.
Облыста орын алған тағы бір жағдай бірнеше мәрте соттылығы бар 28 жастағы өскемендік, көрші ауданда екі «ВАЗ» автокөлігін ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, күдікті танысына кентке келіп, түнгі уақытта үйлердің ауласында тұрған көліктерге мініп, қалаға жол тартқан.
Полиция департаменті автокөлік құралдарының иелеріне, көліктеріңізді ашық қалдырмауға, көлік жуу орындары мен шеберханаларда бейтаныс адамдарға көлік кілтін бермеу қажеттігін ескертеді. Көлік құралын күзетілетін немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған автотұрақтар қоюға кеңес береді.
Semeynews.kz