ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қаладағы жолдарды жөндеу жұмыстарын тексерді

Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов қаладағы Дулатов, Елемесов және Қаржаубайұлы көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Баршаңызға белгілі, соңғы уақыттарда қала көшелеріндегі жол сапасы өзекті мәселе, солардың бірі – Дулатов көшесіндеі жол сапасы. Қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталып, аталмыш көшеде жөндеу жұмыстары басталды. мердігер мекеме – “ОблШығысЖол” ЖШС.

  • Елемесов көшесіндегі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған. Мердігер ұйым “Гордорстрой” ЖШС. Белгіленген кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары осы уақытқа дейін аяқталуы тиіс еді, алайда тексеріс барысында жұмыстардың әлі де жалғасып жатқаны анықталды. Сол себепті мердігер ұйым басшысына ескерту жасалды, – деді Б.Байахметов.

Жалпы, осы жылы қала бойынша 64 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Қала көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстары кезінде оның сапасы басты назарда болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button